Бүгін ауа райы қандай болады?
Тұман түсіп, жел күшейеді: 29 қарашаға арналған ауа райы болжамы
2,035
оқылды

"Қазгидромет" синоптиктері 29 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Бүгін республиканың басым бөлігінде циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронттардың ықпалымен жауын-шашын (жаңбыр, қар түрінде) жауады.

"Еліміздің оңтүстік-шығыс таулы аудандарында қатты жауын-шашын, оңтүсігінде жаңбыр, оңтүстіктің таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады. Тек қиыр батыста, шығыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі", – делінген хабарламада.

Ел аумағы бойынша тұман болып, жел күшейеді, еліміздің солтүстік-батысы мен солтүстігінде көктайғақ болады.