Бірлескен рейдтер нәтижесінде тәрбиелік міндеттерін орындамағаны, алкогольдік ішімдіктер ішкені, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз ойын-сауық мекемелерінде немесе үйден тыс жерде болғаны үшін барлығы 51 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Өгей әкесі ұрып-соққан: аштықтан азып-тозған балалар табылды
764
оқылды

Алматы облысының прокурорлары рейдтік іс-шаралар ұйымдастырып, өгей әкесінен таяқ жеген, аш-жалаңаш бұратылып жүрген бірнеше баланы тапты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Рейдтік іс-шаралардың нәтижесінде Іле ауданында аштықтан әбден азып кеткен, сөйлемейтін, жүре алмайтын 6 жасар бала табылды. Бала екі еселенген пневмония диагнозымен аудандық ауруханаға шұғыл түрде жатқызылып, медициналық көмек көрсетілді.

"Ата-аналар ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабының 2-бөлігі "Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу және (немесе) оқыту, құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау" бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қамқоршылық органы ата-ана құқығын шектеу туралы талап арыз берді", – делінген прокуратура хабарламасында.

Райымбек ауданында үш балалы отбасы анықталды, олар да аштықтан зардап шеккен. Оларға медициналық көмек көрсетілді, қыстық киімдер алынды, шыққаннан кейін екі бала балабақшаға барады, үлкен бала интернатқа орналастырылды.

"Балқаш ауданында өгей әкесі ұрып-соққан үш отбасының балалары анықталды. Полиция қылмыскерлерге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 73-2-бабы "Ұрып-соғу" бойынша әкімшілік іс қозғады", – деп жазды бақылаушы органнан.

Ата-аналардан 15 бала алынып, жетеуіне қатысты ата-ана құқығын шектеу туралы талап-арыз сотқа жолданды.