Журналистерді қысқарту басталды, жасанды интеллект қызметке алынды

Еңбек нарығындағы қысқартулар мен трансформациялар басталып, журналистердің орнына жасанды интеллект қызметке келді. Жүздеген журналистерді қысқартып, оларды ЖИ-мен алмастыру туралы шешім қабылданды. Себебін төмендегі материалдан оқыңыз.

Көптен айтылып келген еңбек нарығындағы қысқартулар мен трансформациялар басталып, журналистердің орнына жасанды интеллект қызметке қабылдануда.

Жүздеген қызметкерлерді қысқартып, оларды ЖИ-мен алмастыру туралы шешімнің себебін Frankfurter Allgemeine Zeitung басылымына сілтеме жасаған Aikyn.kz түсіндіреді.

Фото The Verge сайтынан алынды

Axel Springer медиа концерні өзінің Bild таблоидында жұмыс істейтін жүздеген редакторлар мен корректорларды, фото тілшілер мен баспа өндірісінің қызметкерлерін қысқартатынын жариялады. 

Bild басылымы 100 миллион еуро көлемінде шығындарды қысқарту бағдарламасы аясында бірқатар лауазымдарды жасанды интеллектпен ауыстыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы Frankfurter Allgemeine Zeitung жазды. Басылымның бас редакторлары Марион Хорн мен Роберт Шнайдерге, Bild тобының жетекшісі Клаудиус Сенст пен атқарушы директор Кристоф Эк-Шмидтке қызметкерлерді қысқарту туралы хабарлама алған.

«Өкінішке орай, цифрлық әлемде ЖИ және/немесе автоматтандырылған жүйелермен ауыстырылатын жұмыстардың қысқаратынын әріптестеріңізге ескертуге тура келеді. Редакция директорларының, баспа өндірісі қызметкерлерінің, корректорлардың, хатшылардың және фото редакторлардың қызметтік функциялары өзгереді», – делінген хабарламада.

Фото Getty Images сайтынан алынды. Авторы: Hollie Adams 

Bild-тің аймақтық басылымдарының саны 18-ден 12-ге дейін қысқартылады, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Springer тобы сәйкесінше «тек цифрлық» және «алдымен цифрлық содан кейін баспа» стратегиясымен жұмыс істемекші.

Axel Springer басшысы Маттиас Депфнер жасанды интеллект қысқа дейін баспа концернінің журналистерін алмастыра алатынын мәлімдеді. Bild және Die Welt компанияларында ЖИ-ді қолданып, журналистерді қысқарту жоспарларын түсіндіре отырып, ол медиа концерннің кірісін арттырып, оны «таза цифрлық медиа-компанияға» айналдырғысы келетінін мәлімдеді.

Фото Getty Images сайтынан алынды. Авторы: Krisztian Bocsi

Axel Springer медиа концерні ЖИ-ға жүгінген алғашқы бұқаралық медиа емес. Мысалы, британдық Daily Mirror және Daily Express басылымдары да жасанды интеллекті қолдануды зерттеуде. Осы жылдың наурыз айында басылымдарға иелік ететін Reach тобы ЖИ жазған бірнеше мақаланы жариялады. Дегенмен, компанияның атқарушы директоры Джим Маллен айтқандай, журналистерді қысқарту жақын арада жоспарланбаған.

«Соңғы он күнде біз алғашқы ЖИ жазған материалдар шығардық, бірақ ол редакциялық негізде жасалған. Мұның бәрі жасанды интеллект арқылы жасалған, бірақ деректерді журналист жинағаны анық және материалды жариялауды редактор шешеді».

Фото Getty Images сайтынан алынды. Авторы: Wenjin Chen

ЖИ-ді медиа құрылымдарда қолдану әлемдік трендке айналуда. Енді бірнеше жылда қазақ медиасына да «журналист әлде робот» деген дилемманы шешуге тура келері анық. Қазақ журналистері бұл өзгерістерге бүгіннен дайын болсын деп тілейік.