ChatGPT жазған ғылыми мақалаларды анықтау дәлдігі 99%-ды құрады. Америкалық зерттеушілер адам мен ЖИ (AI) жазған мақалаларды ажырататын әдіс ойлап тапты. Cell Reports Physical Science журналында жарияланған мақалада көрсетілген тәсілдердің тиімділігін Aikyn.kz бағалайды.
Фото gettyimages.com сайтынан алынды. Авторы: Laurence Dutton
Ғылыми жұмыстың авторы Хизер Десер әріптестерімен бірге 2022 жылдың қыркүйегі мен 2023 жылдың наурызында академиялық басылымдарда жарияланған 64 ғылыми мақаланы таңдап алған.
Осы мақалаларды зерттеушілер ChatGPT-ға жүктеп чат-ботқа 128 жалған мақала жазуды тапсырды. Нейрондық тапсырманы орындап, барлығы 1 276 абзацтан тұратын материал жасайды.
ЖИ жазған материалдар кейін басқа мақалаларды тексеру үшін пайдаланылады. Нәтижесінде, ChatGPT негізінде құрылған сервис 99%-дық дәлдікпен шынайы мақалаларды жалған мақалалардан ажыратуға мүмкіндік беретіні белгілі болады.
Фото gettyimages.com сайтынан алынды. Авторы: Serts
Зерттеушілер адам мен ЖИ жазған мәтіндерді 4 категорияға бөліп салыстырған: 1) абзацтардың көлемі; 2) сөйлемдердің ұзақтығының; 3) тыныс белгілерді қолдану; 4) сөз байлығына байланысты.
Мамандар адамның жазған мәтінін чат-бот жасаған мәтіннен ажыратуға әбден болады деген қорытындыға келген. Өйткені нағыз ғалымдар ұзақ сөйлемдер жазуға және әртүрлі сөздерді қолдануға бейім. Сондай-ақ адамдар тыныс белгілерін жиі қолданады.