Ақтауға киелі жерлерге зиярат етуге барған алматылық сайдан табылды. Бұл туралы Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.
1 маусым күні сағат 10:45-те Ақтау мен Маңғыстау ауданының аралығында сайдан табылды. Қазіргі уақытта жоғалған азаматтың жағдайы жақсы, медицина қызметкерлеріне жүгінген жоқ.
Іздестіру-құтқару жұмыстарына Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінен 25 жеке құрам, 3 бірлік техника, 2 кинологиялық есеп тобы, полиция департаментінен және жергілікті атқарушы орган қызметкерлерінің құрамында 15 адамнан тұратын іздеу тобының күштері мен құралдары және 6 бірлік техника және Маңғыстау облысының волонтерлерінен 70 адам, 5 техника жұмылдырылды.
Еске салайық, Алматының 23 жастағы тұрғыны Мәжтай Жаханшах киелі жерлерге зиярат етуге Ақтауға барған, алайда 27 мамырдан бастап ол туыстарымен байланысқа шықпаған.
фото: lada.kz