Тоқаев Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоғанды жеңісімен құттықтады

Түркияда президент сайлауы өтті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Реджеп Тайып Ердоғанды Түркияда өткен президент сайлауының екінші кезеңіндегі жарқын жеңісімен құттықтады.

– Елдерімізді тарихи достық және ынтымақтастық байланыстар біріктіреді. Осы жан-жақты ынтымақтастық стратегиясы одан әрі дами береді, – деп жазылған Президенттің Twitter-дегі құттықтауында.

 

Бұған дейін Түркиядағы сайлау нәтижесі туралы жазған болатынбыз.