Құрбан айт мерекесінде қалай демаламыз?

Қазақстандықтар Құрбан айт мерекесінде қалай демалатыны белгілі болды.

Құрбан айт мейрамы сәрсенбі 28 маусымда болады. Сондықтан бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 26, 27 маусымда жұмыс істеп, 28 маусымда демалады. Ал 29-30 маусымда қайта жұмыс істейді.

Алты күн жұмыс істейтіндерге 26-27 маусым жұмыс күні болса, 28 маусымда демалып, 29-30 маусымда және 1 шілдеде қайта жұмыс істейді.