Алматыда бірнеше шағынаудан судан ажыратылады

Алматы қаласының бірнеше шағынаудандары бір күнге суық судан ажыратылады. Бұл туралы "Алматы су" МКК баспасөз қызметі хабарлады.

 Алматының бірқатар шағынаудандарында сумен жабдықтау желілеріндегі жоспарлы жұмыстарға байланысты суық су жергілікті түрде ажыратылатын болады. 

«30 мамыр күні сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін қаладағы  "Орбита-1, 2, 3, 4", "Таугүл - 1, 2", "Мамыр-1, 4, 5, 6, 7", "Алмас", "Атамекен", "Қуаныш", "Достық" шағынаудандары мен  М.Кәрім, Цветочная, Ықылас, Тойбастар,  Тайбұрыл, Пролетарская көшелерінде орналасқан тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттарға суық су беру уақытша шектеледі», делінген суға жауапты мекеме таратқан мәлімдемеде.