KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысына сәйкес, доллар 4,23 теңгеге қымбаттап, орташа бағамы 450,48 теңге болды.
Доллар бағамы 4,23 теңгеге қымбаттады
1,773
оқылды

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысына сәйкес, доллар 4,23 теңгеге қымбаттап, орташа 450,48 теңге болды.

Ұлттық банктің 15 мамырдағы ресми бағамы – 1 долларға 445,99 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,78 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллар 447,5 теңгеден ұсынылып жатыр, сатып алу бағамы – 451 теңге. Ал Астана қаласы бойынша сату – 448 теңге, сатып алу – 452 теңге.

Ресей рублі 5,55 – 5,67 теңге аралығында саудалануда.