Доллар 1,36 теңгеге төмендеп, 1 доллар 455, 04 теңге болды.
Доллар бағамы 1,36 теңгеге төмендеді
637
оқылды

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы тағы төмендеді.

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар 1,36 теңгеге төмендеп, 1 доллар 455, 04 теңге болды.
Айта кетейік, Ұлттық банктің 25 сәуірдегі ресми бағамы – 1 доллар үшін 456, 34 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде  доллардың сату бағамы – 451,5 теңге, сатып алу – 454,5 теңге.

Ал Астана қаласы бойынша АҚШ валютасы 448,8 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу құны – 452,8 теңге.
Алматыда Ресей рублі 5,45 – 5,65 теңге аралығында, Астанада 5,48 - 5,58 теңге аралығында сатылуда.