Марат Иғали Ақмола облысы әкімінің орынбасары қызметінен кетті
Марат Иғали Ақмола облысы әкімінің орынбасары қызметінен кетті
© Сурет ғаламтордан
329
оқылды
Марат Иғали Ақмола облысы әкімінің орынбасары қызметінен кетті. Бұл туралы ол Instagram желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Құрметті ақмолалықтар! Мен үшін туғандай болып кеткен Ақмола облысының өсіп-өркендеуіне сіздермен бірге 3 жылға жуық қызмет ету үлкен мәртебе болды. Қызмет бабымда халықпен ашық болуға тырыстым, бірлескен жұмыс нәтижесінде біз көптеген салаларда оң нәтижелерге қол жеткіздік. Сондай-ақ, киелі Көкше жерінде біраз адамдармен достастым. Бірге қызмет еткен барлық әріптестеріме алғыс білдіремін!", - деп жазған Марат Иғали. "Барлық жинаған-тоқыған білімімді, тәжірибемді жаңа жауапты қызметте қолдануға тырысамын. Ел және Ақмола облысы басшылығына көрсетілген сенім үшін үлкен рақметімді айтамын!", - деді ол. Марат Иғали 2018 жылдың тамызында Ақмола облысының индустрияландыру, кәсіпкерлік және инвестициялар мәселелері жөніндегі әкімнің орынбасары болып тағайындалған. Ал бұған дейін бір жыл әкімнің кеңесшісі болып жұмыс істеген.