Ливия астанасы Триполидің оңтүстігіндегі мектепке белгісіз біреулер шабуыл жасады, – деп жазады 24.kz. Салдарынан 3 бала қаза тауып, тағы бір оқушы ауыр жарақат алған.
Бұл ақпаратты жергілікті билік өкілдері растады. Аймақтағы жауласқан тараптар осы оқиғаға қатысты жауапкершілікті өз мойнына алмай, бір-бірін айыптап жатыр.Еске сала кетейік, қарулы қақтығыс өршіп тұрған Ливияда оқ атпау келісімі осымен бірнеше рет бұзылды. Дүниежүзін алаңдатқан Ливия мәселесі жуырда Берлиндегі халықаралық конференцияда кеңінен талқыланды. Жиынға қатысушылар БҰҰ-ның Ливияны қару-жарақпен қамтамасыз етуді тоқтатуды қолдауға уағдаласқан болатын.