Қытайда тараған коронавирустың салдарынан қайтыс болғандардың саны 162 адамға жетті, – деп жазады «РИА Новости». Дереккөздің жазуынша, қаза тапқандардың барлығы Хубей провинциясының тұрғындары екені анықталған. Соңғы мәлімет бойынша аурудан 37 адамның көз жұмғаны, 1032 науқаста коронавирустық инфекция бар екені расталған. Коронавирустың ошағы – Уханьдағы балық сататын базар. «РИА Нвовостидің» жазуынша, ауру сол базарда сатылған жабайы жануарлар: жарғанаттар, сүтқоректілер, оның ішінде қояндар, құстар, сондай-ақ, Ухань базарындағы аю табаны, аю және борсық майынан тарағанын айтады. Айта кетейік, біз бұған дейін Гонконг ғалымдарының коронавирусқа қарсы дәрі ойлап тапқанын жазған болатынбыз.