Жаңалықтар таспасы. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Қазақстанның соңғы жаңалықтары. Бүгінгі жаңалықтар.
Абай облысында полиция қызметкерінің погонын жұлып алған әйел бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Калифорниялық 35 жастағы Лорен Вассер Стивен Бартлеттің "Бас директордың күнделігі" подкастында ТSS нәтижесінен кейін өлім мен өмір арасындағы арпалысы туралы бар шындықты айтты. Әйгілі Калифорния моделі айналасы 10 минут ішінде ажалмен бетпе-бет келген о...
12 тамыз күні Түркістан облысы Сарыағаш ауданының полициясына жергілікті тұрғыннан екі күн бұрын 38 жастағы інісі жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Аудандық полиция бөлімінің барлық жеке құрамы жоғалған тұрғынды іздеуге жұмылдырылды.
Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов Мемлекет басшысының тапсырмасымен Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің 165 жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс-шараға қатысты.
Қызылорда облысындағы жол апатынан екі адам қаза тауып, бес адам жараланды.
Қостанай облысында «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының қолдауымен жаңа Дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды. Сонымен қатар, Қор басшысы өңірдің медицина қауымдастығына жедел жәрдем көлігінің кілтін табыстады.
Отандық ғалымдар әлемде баламасы жоқ, жаңа 10 жеңіл ұшақ жасап шығарды. «Арай» деп аталатын әуе кемесі бірнеше салада қолдануға арналған. «Қазақстанда жасалған» деген белгісі бар техника бірқатар шет мемлекеттің назарына іліккен. Қазір бірнешеуі Ресей мен...
15 жыл іздеуде жүрген шетелдік азамат Астанада ұсталды.
Әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Ақтөбедегі музыка мектебінде оқып жүргенде Абайдың әнін орындаған кезінің видеосын жариялады.
32 жастағы паралимпиадашы Дәурен Ахмедов қатерлі ісікке шалдыққан анасына көмектесу үшін медальдарын сатып жатыр, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
10 тамыз күні Павлодар облысындағы Жаңажол-Екібастұз тасжолында болған жол апатынан қазақтың ақыны, ойшылы Мәшһүр Жүсіптің туыстары қайтыс болды, – деп хабарлайды nur.kz.
Әлеуметтік желіде әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Сұлушаш Нұрмағамбетоваға Бауыржан Момышұлы атындағы төсбелгіні саудалағаны жайлы ақпарат тарады. Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Айгүл Болатханқызының фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап хаб...
Гастрольдік сапар 13 тамызда шаһардағы Исатай мен Махамбет алаңында өтеді.
Талдықорғанда белгілі журналист, азаматтық белсенді Сандуғаш Дүйсенова ұсталды. Ол Қаңтар оқиғасы кезінде Назарбаевтың құлаған ескерткішін фотоға түсірген болатын.
Павлодарда күйеуін пышақтап өлтірген жүкті әйелге қатысты сот отырысы басталды. Қылмыс қасақана кісі өлтіру ретінде қарастырылып жатыр. Дегенмен сотталушы бұл нұсқамен келіспеді. Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.
Ақтөбеде оқушыларды жарысқа апара жатып аударылған көлікті тізгіндеген спорт мектебі директорының орынбасарына қатысты сот үкімі шықты. Ол екі жарым жыл түрмеде отырады, – деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Алматыда «барахолка» базары маңынан өрт шықты, – деп хабарлайды ТЖД.
«Ауыл аманаты» партиялық жобасын солтүстікқазақстандықтар қуана қабылдады. Қазірдің өзінде оның игілігін көріп отырған азаматтар бар.
Үй жануарларына қоғамдық орындарда қамқорлық көрсету мәдениеті біздің елде де ақырындап дамып келеді. Соның бір мысалы ретінде жуырда басталған Алматыдағы иесіз мысықтарға арналған үйшіктер жобасын атап өтуге болады.
Балаларға арналған Qonzhyq AAP мобильді қосымшасы ұлттық құндылықтарды дәріптейді. Қолданысқа шыққан күні-ақ ата-аналардың ықыласына ие болған қосымшада 250-ге жуық ертегі, 1 700 ән-күй және түрлі бесік жыры қамтылған.
Атырауда соңғы кездері балабақшаларда оқыс жағдай көбейді. Соңғы екі ай ішінде балабақшаға барып жүрген бүлдіршіннің бірі саусағынан айырылды.
Тіршілігін теңізбен байланыстырған Арал өңірі халқы келешегіне алаңдаулы күй кешіп отыр.
Бар күнкөрісі қорасындағы бес тұяқ малына тірелген ауылдағы ағайын қазір шырылдап отыр.
Бекзат өнер саналатын биді адам баласы көзбен көріп қана қоймай, ішкі жан дүниесімен сезініп, түсінетінін петропавлдық cаңырау бишілер он сегіз жылдан бері әлем сахналарында дәлелдеп жүр.
XX ғасыр молекулярлы биология, генетика, медицина және химия саласында тың жаңалықтарға толы болғаны белгілі. Соның ең бір озығы – ДНҚ-ның ашылуы десек болады. Жыл сайын 25 сәуірде әлемде генетика мен осы салада жасалған ғылыми жетістіктердің маңы...
Біләл Сүлеевтің туғанына биыл 130 жыл толады. Өкінішке қарай, жаппай қуғын-сүргіннің нағыз қызған шағы 1937 жылы өзімен замандас басқа да қазақ зиялыларымен бірге жазықсыз жазалаудың құрбаны болған тарихи тұлғаны Жетісу жерінде іздеу-сұрау салып ж...
Қайраткерлігі мен білімпаздығын, адалдығы мен әділеттілігін, мәмлегерлігі мен шешендігін айқын байқататын Мұстафа Шоқайдың эпистолярлық мұрасы алғаш екі томдық болып 2006 жылы жарық көрген болатын. Оған 276 хат еніп еді.
Тамызда мектеп түлектері бақ сынасып академиялық білім алу үшін университеттерге ағылатын кез. Бірақ біз осы секілді белгісіздікті бастан кешіретін тағы бір топты назардан тыс қалдырамыз.
Бүгінде еліміздің жоғары оқу орындарының білім алушылары арасында қос дипломға қол жеткізудің мүмкіндіктері туралы сан түрлі пікірдің бар екені рас. Бұл мүмкіндікті отандық білім ордалары өздерінің кәсіби бағдар беру жұмыстары кезінде де сәтті пайд...
Алматыдан Ахмет Байтұрсынұлы музей-үйінің директоры Райхан Сақыбекқызы хабарласып, Астанада Ахаңның жиеншары тұратынын айтып, «сол кісімен жолығып, сұхбаттассаң қайтеді» деді. Ахаңның жиеншары дегенге біз де елең ете қалдық. Төрехан Сәдуұлымен біз осылай...
3D биопринтердің көмегімен зертханада адам сүйегін жасап шығаруға бола ма? Назарбаев университетінің биомедициналық инженерия саласындағы профессоры Дана Ақылбекова бастаған бір топ ғалым бүгінде осы жоба аясында еңбек етіп жатыр.
Әдетте жаһан жұрты геосаяси оқиғаларға, мәдениет пен спорттағы жаңалықтарға көбірек назар аударғанымен, адамзат өркениетін алға сүйрейтін ғылымдағы жаңалықтарға да көңіл бөлмеске болмас.
Мектепті енді ғана бітірген бозбала үлкен өмірді неден бастарын, қандай мамандық таңдарын білмей қиналады.
Дүниежүзілік банк 2050 жылы Қазақстанның әлемдегі судан әбден тарыққан елдердің қатарына кіруі мүмкін екенін жариялады.
10 тамыз күні Алматы қаласы музейлер бірлестігі Ахмет Байтұрсынұлы музей-үйінде Абай Құнанбайұлының дүниеге келген күніне орай «Қазақтың бас ақыны – Абай» атты танымдық дәріс өтті.
Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің археолог-ғалымдары Еуразия даласында кездеспейтін ірі көлемдегі қола дәуірінің дала пирамидасын тапты. Қазба жұмыстары Абай облысында жүргізіліп жатыр.
Кеше Астанадағы Триатлон саябағында Қазақстанда алғаш рет Bir Tolqynda заманауи би чемпионаты өтті. Оған әртүрлі жастағы 300-ден астам адам қатысты.
Қарағанды орталық саябағында еліміздің түкпір-түкпірінен келген «Бұқарекең жырлайды» республикалық фестивалінің қатысушылары екі сағаттан астам уақыт бойы Бұқар жырау Қалқаманұлы мен басқа да ақындар мен жыраулардың шығармаларымен көрермендерді қуантты. Ә...
Аз уақыттан соң жаңа оқу жылы басталмақ. Уақыт жақындаған сайын ата-аналар балаларын мектепке дайындау үшін қамдана бастайды.
Бейсенбі күні «AMANAT» партиясының Орталық аппаратында «AMANAT» партиясы жанындағы Білім беру және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі Республикалық кеңестің кезекті отырысы өтті.
Астанада әйел адам балаларымен бірге көпқабатты үйдің терезесінен секіріп кетпек болған. Тәртіп сақшылары қайғылы оқиғаның алдын алды.
Президент Буяр Османиге ілтипат білдіре отырып, оның ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасы ретінде Қазақстанға сапары маңызды екенін атап өтті.
Танымал әнші Жазира Байырбекова ұзату тойға қатысты пікірін білдірді. Әнші қазір ұялатын заман емес екенін жазады.
ЦДИАӨМ Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы Ержан Мейрамов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте жаңа ұялы оператор жайлы айтты.
Алматы облысында баласынан айырылған әйел перзентхананың 3-қабатындағы терезеден секіріп кетті. Оқиға Қаскелеңде болды, – деп хабарлайды Астана телеарнасы.
Қалалық мәслихат депутаты Мақсат Айсауытов Назарбаев даңғылына Достық атауын қайтару туралы ұсыныс білдіріп, Орал әкімі Миржан Сатқановқа жолдаған. Бұл туралы umarovnews хабарлайды.
Шымкентте гүл сатушыны ұрған бұзақының қасындағы екінші адам Еңбекші ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары болып шықты, – деп хабарлайды Шымкент қалалық мемлекеттік кірістер департаменті.
Белгілі алаштанушы, көпшілікке Елдос Алаш есімімен танымал Елдос Тоқтарбай қазақ қоғамындағы ащы шындықты жайып салды. Айтуынша, 30 жылда халық азып-тозып, елде түрлі ағым жайлаған, – деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Қазгидромет" РМК синоптиктері Қазақстанның 16 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады.
Орман шаруашылығы мен жануарлар әлемі комитеті төрағасының орынбасары Андрей Ким Қазақстанда жануарларға арналған салықтың енгізілуі мүмкін екенін жоққа шығармады.