Марко Асенсио мен Лерой Сане келер жылдың көктеміне дейін алаңға шықпайды
«Ливерпуль» қақпашысы Алисон Бекер Ағылшын премьер-лигасының алғашқы турындағы «Норвичке» қарсы ойынға толыққанды қатыса алмады. Балтыр бұлшық етінен жарақат алған футболшы алаңды тастап шығуға мәжбүр болды. Бұл ойында оның командасы 4:1 есебімен жеңіске жетті.
Қызылдардың» ресми сайтының хабарлауынша, қақпашы алда 14 тамыз күні «Челсимен» болатын Еуропа Суперкубогына қатыса алмайды. Ол былтыр «Ромадан» 72,5 млн еуроға ауысып келген еді. Ол алғашқы маусымда-ақ «Ливерпульмен» Чемпиондар лигасын, ал осы жазда Бразилия құрамасымен Америка кубогын жеңіп алды. Ол сондай-ақ «Алтын доптан» үмітті ойыншылардың да қатарында бар.
Маусым басталар сәтте ауыр жарақат алған тағы бір ойыншы – «Манчестер Сити» шабуылшысы Лерой Сане. Неміс футболшысы тобық тұсындағы байланыстырушы сүйектен жарақат алған.
Сане «Манчестер Ситиде» 2016 жылдан бері ойнайды. Осы уақытқа дейін 134 матч өткізіп, 39 гол соққан. 45 мәрте нәтижелі пас берген.
Перу құрамасы мен «Локомотив» шабуылшысы Джефферсон Фарфан да Ресей чемпионаты басталар қарсаңында жарақат алып қалды.
Ол мәскеулік команда намысын 2017 жылдан бері қорғап келе жатыр. Былтырғы маусымда ол 26 матчқа қатысып, 9 гол соғып, 5 нәтижелі пас берген.
«Барселона» шабуылшысы Лионель Месси жарақатына байланысты маусымның бір-екі айына қатыса алмауы мүмкін.
Футболшы командаға АҚШ-қа аттанар алдында маусым алдындағы дайындық кезінде жарақат алған. Медициналық штабтың мәлімдеуінше 32 жастағы ойыншы балтыр бұлшық етінен жарақат алған.