Гуілдейді ақ боран бұрқақтаған

Гуілдейді ақ боран бұрқақтаған
Гуілдейді ақ боран бұрқақтаған

Бүгін Қазақстан аумағының көп бөлігіне Жайықтың үстінде орналасқан циклонның әсерінен  Оңтүстік-батыста жауын-шашын жауып, арты қарға ұласады. AMP Кей жерлерді тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді. AMP Жамбыл облысында желдің күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с, облыстың оңтүстік-батысында 30 м/с болады. Кей жерлерде тұман түседі. AMP Павлодар облысында желдің күші 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28, екпіні 30 м/с және одан да қатты болуы ықтимал. Ал Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары мен тіпті Түркістан облысында күндіз боран соғуы ықтимал. Ақмола, Қызылорда, Маңғыстау, Алматы, Ақтөбе облыстарында түнде жел күшейеді.  Ал Батыс Қазақстан облысының кей бөлігінде қалың тұман түседі.