КПО мен HONEYWELL өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

КПО мен HONEYWELL өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды
КПО мен HONEYWELL өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

Қол қойған меморандум аясында Honeywell меншікті сауда белгісіндегі құрал-жаб­дықтар мен технологияны жер­гілікті жинау ісін жолға қоюға, сондай-ақ Honeywell мен қазақ­стандық серіктестік арасында қазақстандық компанияның технологиялық күрделірек жұ­мыстарға тартылуына мүмкіндік беретін консорциум құруға ниет білдірді.

КПО мен HONEYWELL компаниялары көп жылдан ынтымақтастықта жұмыс жа­сауда, мәселен, Honeywell сан­дық шешімдері эксплуа­тациялық бүтіндік пен мұнай және газ ұңғымалары мен кешенді да­йындық қондырғыларының технологиялық процесстерін қашықтан басқару мүмкіндігін қамсыздандыру арқылы Қара­шығанақ кен орнындағы өнді­рістік процесстерді қауіпсіз бас­қаруды қамтамасыз етіп келеді.

Меморандум Қазақстан аума­ғы бойынша өндірісті оқ­шаулау жөніндегі өзіндік құрал-жабдықтың шетелдік өндіру­шілерін КПО, сондай-ақ Қара­шығанақ кен орны маңында өдірістік кластер мен қазақ­стан­дық кадрларды кәсіби дамыту мақ­сатында шетелдік және қа­зақстандық компаниялар ара­сындағы бірлескен кәсіпорын­дарды құру талаптарын ескере отырып жасалды.

«КПО мен акционерлеріміз мемлекетіміздің индустриалды-инновациялық дамыту жөніндегі бастамаларын толығымен құп­тайды. Бүгін қол қойылған ке­лі­сім КПО еліміздің экспорт та­уарларды жасауға арналған қайта өңдеу секторындағы трансұлттық компанияларды тартуға және Қазақстанның әлемдік нарыққа шығуына қосқан үлесі. Мұның алдында, Жергілікті қамтуды дамыту жө­ніндегі бағдарлама аясында КПО компаниясы отан­дық қайта өң­деу секторына Tenaris, Halliburton, General Electric, Schneider Electric және басқа да жаһанды көшбасшы компа­нияларды тартқан болатын. Бұл КПО Қа­зақстан Республи­ка­сын­да жа­салған әлемдік озық үлгідегі өн­діріс технологияларын пай­далануға мүмкндік берді», – деп атап өтті КПО бас дирек­то­ры­ның орынбасары Марат Кәрімов.

Honeywell корпорациясы өн­дірістік технологияларды жасау­мен шұғылданады және Fortune журналы құрастырған 100 әлем­дік озық компания­лар­дың тізі­міне кіреді. Корпорация аэро­ға­рыш техникасы, арнайы мате­риал­дар, сонымен қатар өнді­ріс­тік кәсіпорындар мен ғимарат­тарға арналған басқару жүйелері секілді салаларға өнім ұсыну және қызмет көрсету ар­қылы бүкіл әлем бойынша тап­сырыс берушілерге қызмет көрсетеді.

Сонымен бірге, үстіміздегі жылдың наурызында КПО қолдауымен Honeywell компа­ниясы мен Қазақ-Британ техни­калық университеті (ҚБТУ) арасында Алматы қаласында жаңа аймақтық автоматтандыру орталығын құру туралы келісімге қол қойылған еді. Автомат­тан­дыру орталығы ҚБТУ «Авто­маттандыру және басқару» ма­мандығында оқып жатқан сту­денттердің дағдысын жақсартуға көмектеседі, сондай-ақ осы орталықта жергілікті кәсіпорын инженерлерін оқыту және білік­тілігін арттыру курстарынан өтетін болады.

Қол қою рәсімінде сөз сөйле­ген Honeywell Process Solutions бөлімінің президенті Джон Ру­дольф былай деді: «КПО ынты­мақтастық арқылы біз Қазақ­стан­­ның өңдеу өнеркәсібін Ин­дустрияның 4.0 су жаңа тех­но­ло­гияларымен қолдау көрсе­тудегі ниетімізді растаймыз және бұл кәсіпорындардың қауіп­сіз­дігін, сенімділігі мен табысын арт­ты­руға септігін тигізеді. Кә­сіпо­рын­ның бүкіл тіршілік ке­зеңінде қолданған сарапта­ма­ла­рымыз, технологиялар мен ана­ли­тика­мыз осыған мүмкіндік береді».

Honeywell арасындағы мемо­рандумға қол қою – КПО қазақ­стандық жоғары технологиялық өндірістік және сервистік әле­уетін дамытуға технологиялар енгізуге және инвестициялар тар­туға бағытталған келешегі мол және өзара пайдалы ынты­мақтастықты дамытуға жасаған тағы бір қадамы.

 

Арман ҚҰСАЙЫНОВ,
Нұр-Cұлтан