Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Қазақстан мұсылмандарын Ораза айт мерекесімен құттықтауы

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Қазақстан мұсылмандарын Ораза айт мерекесімен құттықтауы
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Қазақстан мұсылмандарын Ораза айт мерекесімен құттықтауы

Құрметті отандастар!

Барша мұсылман қауы­мын Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтай­мын.

Адамгершілікке, мейірім мен қайырымдылыққа үн­дейтін қасиетті Рамазан айы­ның аяқталуы – күллі мұсыл­ман үмбеті үшін маңыз­ды мереке.

Ораза айт күндері әр мұ­сылман туған-туыстары мен бауырларына қамқор­лық көрсетіп, мұқтаж жан­дар­ға қол ұшын созып, өзі­нің ру­хани дамуына зор мән береді.

Ізгі ойлар мен игі істер өзара түсіністік пен келісімге бастайды, адамдарды ортақ мақсат-мүддеге жетелейді.

Қазақстан – бейбіт өмір мен жасампаздықтың меке­ні. Өзге діни сенімдерге құр­мет, толеранттылық пен адам­­­гершілік құндылықтар – хал­қымызға тән игі қа­сиеттер.

Ислам ілімі Отанға деген сүйіспеншілік пен ұлттық дәстүрге берік қоғамы­мыз­дың рухани жаңғыру идея­сына толық сай келеді.

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Әр шаңыраққа бақ-береке тілеймін!

Ораза айт құтты болсын!