Дастан Сәтпаев «Челси» сапындағы алғашқы голын соқты

Ол бүгін, 28 шілдеде Аустралияда өтіп жатқан маусым алдындағы жолдастық кездесуде «Вестерн Сидней Уондерерс» қақпасын дәл көздеді.

Қазақстандық футболшы Дастан Сәтпаев Лондонның «Челси» клубы сапындағы алғашқы голын соқты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

Ол бүгін, 28 шілдеде Аустралияда өтіп жатқан маусым алдындағы жолдастық кездесуде «Вестерн Сидней Уондерерс» қақпасын дәл көздеді. Сәтпаевтың голынан кейін есеп 1:0 болды.

Бұл – қазақстандық шабуылшының «Челси» жейдесіндегі алғашқы голы. Дастан Сәтпаев аталған матчты негізгі құрамда бастады. Кездесу Сиднейдегі Accor Stadium аренасында өтіп жатыр.

Матч жалғасып жатыр. Қазіргі есеп – 1:1. Әзірге тең.

Айта кетейік, Дастан Сәтпаев лондондық клубтың Аустралия мен Азиядағы маусым алдындағы турына қатысатын құрамына енген.