Елімізде төрт орман өрті тіркелді

Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің шығуына найзағайдың түсуі себеп болуы мүмкін.

24 шілдеде Қазақстанның мемлекеттік орман қоры аумағында төрт орман өрті тіркелді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Төтенше жағдайлар "Бұйратау" және "Катон-Қарағай" ұлттық парктерінде, сондай-ақ "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватының екі учаскесінде болған.

Төтенше жағдайлар "Бұйратау" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде, "Катон-Қарағай" ұлттық паркінде және "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватының екі учаскесінде тіркелді.

Мамандардың мәліметінше, өрт ошақтары мемлекеттік орман күзеті қызметкерлері мен жедел анықтау жүйелерінің көмегімен дер кезінде анықталған. Оқиға орындарына орманшылар мен арнайы техника жедел жұмылдырылып, жалын қысқа уақыт ішінде оқшауланды. Соның нәтижесінде өрттің кең аумаққа таралуына жол берілмеді.

Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің шығуына найзағайдың түсуі себеп болуы мүмкін.