Оралда адасып кеткен бала ата-анасына аман-есен табысталды

Баланың анасы әскери қызметшілерге алғыс айтып, олардың кәсібилігі мен жанашырлығын ерекше атап өтті.

Орал қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету қызметін атқарып жүрген ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының 5517 әскери бөлімінің әскери қызметшілері адасып кеткен баланы тауып, ата-анасына аман-есен тапсырды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Оқиға 15 шілде күні сағат 19:35 шамасында Киров атындағы саябақта болған. Қызмет барысында әскери жасақ жалғыз жүрген баланы байқап, бұл туралы кезекші бөлімге дереу хабарлаған. Кейін баланың ата-анасын анықтау бойынша жедел-іздестіру шаралары ұйымдастырылды.

Әскери жасақ бастығы, ефрейтор Қайырлы Ахқайыров пен қатардағы  жауынгер Мадияр Жолболдының қырағылығы мен жедел әрекетінің нәтижесінде бүлдіршін көп ұзамай ата-анасына табысталды.