Станса арқылы аймақты Астана, Алматы, Петропавл, Қарағанды, Қызылорда, сондай-ақ Қырғызстан және Ресеймен байланыстыратын 12 жолаушылар пойызы өтеді.
Жаңаесіл вокзалы 1960 жылы пайдалануға берілген. Қайта жөндеуден кейін ғимараттың ауданы 429-дан 570 шаршы метрге дейін өсті.
Саумалкөл вокзалы 1966 жылы салынған. Ауданы 207 шаршы метр ғимарат толығымен жаңартылды, - деп хабарлады Көлік министрлігі.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.