«Жолда сақ болыңыздар, уайымдап отырмын!»: Димаш Құдайберген жанкүйерлерінің амандығын тіледі

Оны көру үшін 50 мыңнан астам көрермен жиналды.

Қатонқарағайда өткен Altay Fest-те өнер көрсеткен әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайберген концерт барысында өз жанкүйерлеріне деген алаңдаушылығын білдірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

«Қараңғы батып кетті. Құрметті ағайын, жолда сақ болыңыздар!. Барлығыңыз аман-есен жетіп алыңыздар. Әрқайсыңыз үшін уайымдап отырмын»,  деді әнші.

Айта кеткен жөн, Қатонқарағайда өткен фестивальде Димаш Құдайберген кештің хэйдлайнері болды. Оны көру үшін 50 мыңнан астам көрермен жиналды. Әншінің бір өзі түнгі сағат 22:00-ден бастап, 01:00-ге дейін ән шырқап, жанкүйерлерінің ыстық ықыласына бөленді.