Дубайға бара жатқан жолаушылар ұшағы кері қайтуға мәжбүр болды

Таяу Шығыста геосаяси ахуал шиеленісті.

Бүгін Дубайға бет алған Air Astana ұшағы кері қайтты.  Әуе компаниясы рейстер кестесіне өзгерістер енгізді. 

Бүгін Астанадан сағат 07:10-да ұшып шыққан KC205 Астана – Дубай рейсі әуеде кері бұрылып, ұшып шыққан әуежайға қайтты.

12 шілде күні сағат 08:50-де ұшуы жоспарланған KC897 Алматы – Дубай рейсі тоқтатылды.

«Жолаушыларға билеттер сатып алынған жер бойынша олардың толық құны қайтарылады. Рейстер кестесіндегі кейінгі өзгерістер туралы қосымша хабарланады», – деді әуе компаниясының ресми өкілі. 

Жолаушылардың амандығы үшін барлық қауіпсіздік сақталады. 

Бұған дейін  Қазақстандықтардың жүргізуші куәлігі енді Дубайда да жарамды болатынын жазған болатынбыз.