Ресей әскері жаңа «Герань-4» дронын көрсетті

Ресей әскері жаңа «Герань-4» дронын көрсетті

Ресей жаңа «Герань-4 Сикер» дронын таныстырды. Ресейлік БАҚ жариялаған мәліметке сәйкес, жаңартылған ұшқышсыз ұшу аппаратының ұшу қашықтығы 550 шақырым, жылдамдығы 300 км/сағ, ал жауынгерлік бөлігі 50 келіге дейін жетеді. Дрон турбореактивті қозғалтқышпен және машиналық көру жүйесімен жабдықталғаны айтылды.

Ресей тарапының мәліметінше, машиналық көру жүйесі дронға ұшудың соңғы кезеңінде жердегі нысандарды өздігінен анықтап, дәл соққы жасауға мүмкіндік береді. «Герань-4 Сикер» дронын Татарстандағы «Алабуга» компаниясы өндіреді.

Украина қорғаныс министрінің кеңесшісі Сергей Бескрестновтың айтуынша, «Сикер» модулі «Гераньнің» бірнеше нұсқасына орнатылуы мүмкін. Оның сөзінше, Украина мамандары жаңа дрондарға қарсы қорғаныс шараларын әзірлеп жатыр.