Димаш Құдайберген «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» фестивалінде өнер көрсетеді

Фестиваль аясында этномәдени іс-шаралар, қолөнер жәрмеңкесі, ұлттық ойындар өтеді.

Димаш Құдайберген «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» фестивалінде өнер көрсетеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

10-12 шілде күндері Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданында «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» фестивалі өтеді. 

Бағдарламада этномәдени іс-шаралар, қолөнершілер жәрмеңкесі, шеберлік сабақтары, ұлттық спорт ойындары және концерттік бағдарлама қамтылған. 

Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген фестивальде өнер көрсетеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.