Шымкентте жиһаз цехы өртенді

Өртті сөндіруге ТЖД 58 жеке құрам мен 22 бірлік техника жұмылдырылды.

ТЖМ бөлімшелерінің қызметкерлері Шымкент қаласындағы Сасбұқаев көшесінде болған өртті сөндірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Нақтыланған мәлімет бойынша, өрт бірқабатты жиһаз цехында және оның жанында орналасқан дүкенде шыққан.

– Оқиғаның алғашқы минуттарынан бастап ТЖМ күштері мен құралдары жұмылдырылып, өрт сөндіру штабы құрылды және үздіксіз су беру қамтамасыз етілді. Өртті сөндіру барысында жиһаз цехы ғимаратының шатыры опырылып түсті, – делінген хабарламада. 

Өрт толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.

Өртті сөндіруге ТЖД 58 жеке құрам мен 22 техника жұмылдырылды.