Ұлытау облысында құтқарушылар Қытай азаматтарына көмек көрсетті

Азаматтарға медициналық көмек қажет болған жоқ.

Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданында ТЖМ қызметкерлері Астанадан Жезқазғанға жүк көлігімен бара жатқан Қытайдың екі азаматына көмек көрсетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Жолда жүк көлігі жолдан шығып кетіп, батпаққа батып қалған. Жүргізуші мен жолаушы өз күштерімен шыға алмаған.

Құтқарушылар оларды Ақтасты ауылының маңынан тауып, жүк көлігін батпақтан шығарып, жолдың жүру бөлігіне сүйреп шығарды.

Зардап шеккендер жоқ. Азаматтарға медициналық көмек қажет болған жоқ.