Ұлы Жібек жолы – сауда-экономикалық байланыстың алтын көпірі

Астанадағы Ұлттық музейде «Ұлы Жібек жолы» көрмесі өтті.

Көрші Қытай елінің тарихы жібекпен сабақтасып жатыр. Сауда-экономикалық байланыстың күретамыры болған Ұлы Жібек жолы – соның айғағы. 

Қытайдың Қазақстандағы елшілігі мен Ұлттық музей бірлесіп ұйымдастырған көрме жібек тарихынан сыр шертті. Іс-шараға Қытайдағы Хучжоу, Турфан, Жібек музейлері де атсалысты. Қолөнер шеберлері жібектен бұйым тоқып, жіп иіріп, тәжірибесімен бөлісті. Қытайдағы жібекті игеру өнері мен қолөнер шеберлері тәжірибесімен бөлісті, көне заманнан сақталған тоқыманың әдіс-тәсілдерін талқылады.  

Ежелде сауда керуені арқылы Шығыс пен Батыс арасына алтын көпір болған Ұлы Жібек жолы бүгінде сауда-экономикалық байланысты нығайтудың тетігіне айналып отыр.


«Жібек – Қытай өркениетінің жарқыны белгісі ғана емес, сонымен бірге Азия мен Еуропаны байланыстыратын мәдени дәнекер. Көне заманнан бері Қытай мен Қазақстан Ұлы Жібек жолы арқылы мәдени құндылықтарды сақтап келеді», – деді Қытай Коммунистік партиясы Тұрпан комитетінің хатшысы Вэнь Тяньпин.  

Көрмеде екі ел арасындағы ынтымақтастықпен қатар Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан елдер арасындағы экономикалық байланысты нығайту, туризмді бірлесіп дамыту мәселесі де айтылды. 

Бұған дейін  «Қытай – Қазақстан мәдени алмасу жылы» аясында бірлескен жобалар жүзеге асып жатқанын хабарлаған болатынбыз.