Атырау облысының прокуратурасы атқарушылық іс жүргізу саласында заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмысты жалғастырып жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қабылданған шаралар аясында 35 сот орындаушысы тәртіптік жауаптылыққа, ал 68 борышкер әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
Балаларды асырауға арналған қаражатты төлемеу фактілері бойынша Қылмыстық кодекстің 139-бабымен 18 сотқа дейінгі тергеп-тексеру тіркеліп, бүгінге дейін 6 борышкер қылмыстық жауаптылыққа тартылған.
Соның бірі – Атырау облысының тұрғыны. Ол алимент бойынша 7 миллион теңге берешегі бар және 2 жылдан астам уақыт бойы кәмелетке толмаған балаларын асырауға арналған қаражатты төлемеген. Салдарынан сот оны 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына кесті.
Прокуратура мәліметінше, аталған бағыттағы жұмыстар тұрақты бақылауда.