Семейде ТЖМ құтқарушылары жоғалған баланы ата-анасына табыстады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бүгін Семей қаласындағы Ертіс өзенінің жағалауындағы қалалық жағажайды патрульдеу кезінде ТЖД Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері ересектердің қарауынсыз жүрген 2023 жылы туған баланы анықтады.
Құтқарушылар баланың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, оқиғаның мән-жайын анықтап, ата-анасын іздеуді ұйымдастырды. Көп ұзамай баланың ата-анасы табылып, сәби олардың қарауына тапсырылды. Медициналық көмек қажет болған жоқ.
ТЖМ ескертеді: су айдындарында демалу кезінде балаларды бір сәтке де қараусыз қалдырмаңыз. Оларды үнемі назарда ұстап, өздігінен алыстап кетуіне жол бермеңіз. Қарапайым қауіпсіздік қағидаларын сақтау қайғылы жағдайлардың алдын алуға көмектеседі.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.