6 шілдеде Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райы күрт құбылады, деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Ауа райының қолайсыздығы әсіресе Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Ұлытау, Шығыс Қазақстан, Абай облыстары мен Астана қаласында күтіледі. Таулы өңірлерде, сондай-ақ Алматы, Жетісу, Жамбыл және Түркістан облыстарында өткінші жаңбыр мен найзағай болжанып отыр.
Ал батыс өңірлерде аптап ыстық сақталады.
6 шілдеде Маңғыстау облысында ауа температурасы 38-40 градусқа дейін, Атырау, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында 35-38 градусқа дейін көтеріледі.
7-8 шілдеде Атырау облысының оңтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстігі мен батысында, сондай-ақ 8 шілдеде Ұлытау облысының оңтүстігі мен батысында ауа температурасы 40-41 градусқа дейін жетеді.
Сонымен қатар елдің бірқатар өңірінде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады. Тұрғындарға ауа райының қолайсыздығына байланысты сақтық шараларын сақтау ұсынылады.