Қарағандыда жұмысқа кетіп, із-түзсіз жоғалған ер адам іздестіріліп жатыр

Қазіргі уақытта оның жүрген жері белгісіз.

Қарағанды қаласының 37 жастағы тұрғыны Арман Мусин бірнеше күннен бері із-түзсіз жоғалып, әлі күнге дейін табылмай жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты

Алдын ала мәліметке сәйкес, 1989 жылы туған Арман Мусин 30 маусым күні 12-шағынаудандағы үйінен жұмысқа шығып, содан бері қайта оралмаған. Қазіргі уақытта оның жүрген жері белгісіз.

Із-түзсіз жоғалған азаматтың бойы шамамен 170 сантиметр, дене бітімі орташа, спорттық. Көзі қоңыр. Үстінде көк түсті капюшоны бар футболка, қою көк джинсы шалбар және ашық түсті кроссовка болған.

Еріктілердің мәліметінше, Арман Мусин Қарағандыдан тыс жерде де болуы мүмкін. Осыған байланысты оны іздеу туралы ақпарат еліміздің басқа өңірлерінде де таратылып жатыр.

Туыстары мен құқық қорғау органдары Арман Мусиннің жүрген жері туралы қандай да бір мәліметі бар азаматтарды дереу хабарласуға шақырады.