Алматы облысында құтқарушылар аулаға кірген жыланды ұстады

112 қызметіне хабарласқан тұрғындар аулада жылан жүргенін айтып, көмек сұраған.

Алматы облысының Қарасай ауданындағы Кемертоған ауылында тұрғындардың ауласына кірген жыланды құтқарушылар ұстап, қауіпсіз жерге жіберді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты

Оқиға «Таңдаулы Сенім» саяжайы маңында болған. 112 қызметіне хабарласқан тұрғындар аулада жылан жүргенін айтып, көмек сұраған.

Оқиға орнына жеткен құтқарушылар арнайы құралдың көмегімен бауырымен жорғалаушыны ұстап, оны тұрғын үйлер мен адамдар жүретін аумақтан алыс жерге жіберген.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, мұндай шақыртулар жаз мезгілінде жиілейді. Осыған байланысты ведомство тұрғындарға жыланды өз бетінше ұстауға немесе қуып жіберуге әрекет жасамауға, қауіпсіз қашықтықты сақтап, қажет болған жағдайда 112 нөміріне хабарласуға кеңес берді.