Әнші Кенжебек Жанәбілов Instagram парақшасында жаңа сурет жариялап, туған ауылына барғанын айтты.
Өнер иесінің жазуынша, ұлы Әліби әкесінің туған жерін көргісі келген. Осы сапарда әнші баласына ауылын көрсетіп, ата-әжесіне құран бағыштаған.
«Әлібиім “Папа, сіздің туған ауылыңыз қайда? Барып көрейікші” деп жүр еді. Енді сол сәті түсіп, осы жерге келіп, ата-әжесіне құран оқытып, туған жерімді көрсеттім. Дұғаларымыз қабыл болсын», – деп жазды әнші.
Оқырмандар жазба астында әншінің туған жеріне қатысты жылы пікірлер қалдырған.