Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданында 13 жасар қыз баланы қинап ұстап, зорлау фактісі анықталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Бұл туралы «Криминальный Казахстан» парақшасында айтылды.
Мәліметтерге сәйкес, оқиға 1 шілде күні болған. Жасөспірім қыз үйінен дүкенге шығып кеткен сәтте, 40 жастағы ер адам оны алдап, мотоцикліне отырғызып алған. Одан кейін ауылдан алыс жерге алып кетіп, күштеп ұстаған және жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған.
Мектеп оқушысын іздеу жұмыстары түні бойы жалғасып, ол тек таңғы сағат 05:00 шамасында ауыл шетінен табылған. Желіде таралған ақпарат бойынша, құқық қорғау органдарының қызметкерлері күдіктіні жедел қолға түсірді.
Ақпарат агенттігінің тілшісі осы оқиғаға байланысты СҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметіне ресми сауал жолдады. Оқиғаның егжей-тегжейі мен қылмыстық істің қозғалу барысы нақтылануда.