Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрамалары мен әскери бөлімдерінде әскерлерді жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежелеріне келтіру бойынша кешенді тактикалық-саптық сабақтар өткізілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Әскери бөлімдердің аумағында жеке құрамның практикалық дағдыларын жетілдіруге арналған оқу орындары ұйымдастырылды. Жекелеген бөлімшелер оқу-жауынгерлік міндеттерді далалық жағдайда пысықтау үшін әскери полигондар мен оқу орталықтарына жоспарлы марштар жасады.
Жауынгерлік әзірліктің тұрақты жоғары деңгейін сақтау – мемлекетті қорғау жөніндегі міндеттерді тиімді орындаудың негізгі шарттарының бірі. Осындай іс-шараларды жүйелі түрде өткізу әскери қызметшілердің кәсіби даярлығын жетілдіруге, бөлімшелер арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға және түрлі жағдайларда шешім қабылдау жеделдігін арттыруға мүмкіндік береді.