Шымкент қаласы Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері блогер мен үш сыбайласы қамауға алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz ІІМ cілтеме жасап.
Олар әлеуметтік желілерде беделге нұқсан келтіретін бейнематериалдарды жариялаймын деп қорқытып, азаматтардан ақша бопсалаумен айналысқан.
– Жедел шаралар барысында Instagram желісінде 150 мыңға жуық оқырманы бар жергілікті блогердің үш сыбайласымен бірге кәсіпкерлер мен мемлекеттік қызметшілерді әдейі бейнетаспаға түсіріп жүргені анықталды, – делінген хабарламада.
Олар қызметтік міндеттерін атқару барысында тәртіп бұзды деп, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметке қатысты болуы мүмкін заңбұзушылықтарды сылтау етіп, түрлі бейнематериалдар жинаған.
– Кейін сол бейнежазбаларды әлеуметтік желіге жарияламау үшін азаматтардан ақша талап еткен, – деп хабарлады ішкі істер органдарынан.