Тәуелсіздік сарайында елімізге ресми сапармен келген Грузия премьер-министрін қарсы алу рәсімі өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Іс-шара барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ираклий Кобахидзе бір-біріне делегация мүшелерін таныстырды.
Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң Қазақстан мен Грузияның әнұрандары шырқалды.