Қазақстанда әскери техника қозғалысына байланысты жолдарда уақытша шектеу енгізілмек

Қорғаныс ведомствосының мәліметінше, осы кезеңде кейбір өңірлердегі автожолдардың жекелеген учаскелерінде жол қозғалысына уақытша шектеулер енгізілуі мүмкін.

29 маусым мен 2 шілде аралығында Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелерінде жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіру бойынша жоспарлы тактикалық-саптық сабақтар өтеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Оқу-жаттығулар әскери бөлімдер мен оқу полигондарында ұйымдастырылады. Осыған байланысты әскери техниканың қозғалысы күшейіп, жекелеген бөлімшелер оқу орталықтарына жоспарлы марш жасайды.

Қорғаныс ведомствосының мәліметінше, осы кезеңде кейбір өңірлердегі автожолдардың жекелеген учаскелерінде жол қозғалысына уақытша шектеулер енгізілуі мүмкін.