Түнгі уақытта Ақтөбе қаласының 12-шағын ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде өрт шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт тоғызыншы қабаттағы пәтерден тұтанған. Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар баспалдақ арқылы 34 тұрғынды, оның ішінде 9 баланы қауіпсіз жерге эвакуациялады.
Өрт 25 шаршы метр аумақта оқшауланып, толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.