«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер жарияланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Астанада күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде +16...+18°C, күндіз +28...+30°C. Түнде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі.
Алматыда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +20...+22°C, күндіз +33...+35°C. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Шымкентте күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +16...+18°C, күндіз +36...+38°C.
22-30 маусымда күндіз Шығыс Қазақстан облысында 30-38 градус қатты ыстық сақталады.
22-30 маусымда күндіз Алматы, Жетісу облыстарында 30-38 градус қатты ыстық сақталады. Қатты және өте қатты ыстықтың болжануына байланысты облыстардың басым бөлігінде жоғары және төтенше өрт қаупі күтіледі.
27-29 маусымда күндіз Алматы, Жетісу облыстарының солтүстігінде, 27-28 маусымда күндіз Ұлытау облысының оңтүстігінде, 29 маусымда күндіз Павлодар, Шығыс Қазақстан, Абай облыстарының оңтүстігінде, Қарағанды облысының шығысында 40 градус өте қатты ыстық күтіледі.
26 маусымда Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.
26 маусымда түнде Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні – 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
26 маусымда түнде Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні – 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, орталығында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
26 маусымда түнде Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай, тұман, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында екпіні – 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады.
26 маусымда Ақтөбе облысында жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында екпіні – 15-20 м\с, кей уақыттарда 23 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстік жартысында жоғары өрт қаупі сақталады.
26 маусымда түнде Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай күтіледі, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр, кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні – 25 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт каупі сақталады, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
26 маусымда түнде Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай күтіледі, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 25 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
26 маусымда Жетісу облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында 15-20, екпіні – 23-28 м/с. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі күтіледі, облыстың оңтүстігінде жоғары өрт каупі сақталады.
26 маусымда күндіз Алматы облысының тау бөктеріндегі, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, таулы аудандарында екпіні – 15-20 м/с. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 26 маусымда күндіз өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Шығыстан жел соғады, күндіз екпіні – 15-20 м/с.
26 маусымда Жамбыл облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыс бойынша 38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
26 маусымда күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың таулы аудандарында екпіні – 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 40-41 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
26 маусымда Қызылорда облысының солтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
26 маусымда таңертең және күндіз Қостанай облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі.
Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
26 маусымда түнде Ақмола облысының шығысында аздаған жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың батысында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл, облыстың солтүстігінде, шығысында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-бастыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні – 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. 26 маусымда түнде Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
26 маусымда Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облысының солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
26 маусымда күндіз Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
26 маусымда Қарағанды облысының шығысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, екпіні –15 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.