Ақтөбеде газ құю бекетінде көлік өртеніп, үш адам қаза тапты

Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар жалынды сегіз минут ішінде толық сөндірген.

Қайғылы оқиға 19 маусым күні кешкі уақытта Ақтөбе қаласындағы Бөгенбай батыр көшесінде орналасқан автогаз құю бекетінде болған, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт туралы хабар 22:55-те түскен. Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар жалынды сегіз минут ішінде толық сөндірген.

Өртті сөндіру кезінде көлік ішінен үш адамның мәйіті табылды. Олардың екеуі – кәмелетке толмаған жасөспірімдер. Тағы бір адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Оқиға орнына 50-ден астам қызметкер мен 10-нан астам техника жұмылдырылды. Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталып жатыр.