«Қазақмыс» компаниялар Тобының өндірістік алаңдарында Жезқазған, Балқаш, Қарағанды өңірлері мен Жамбыл облысының кәсіпорындарында еңбек ететін жұмыскерлерді ортақ іске жұмылдырған бірыңғай абаттандыру күні өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Іс-шараға 981 қызметкер қатысты. Аумақты қоқыстан тазарту, өндірістік алаңдарды ретке келтіру, іргелес аумақтарды абаттандыру және нысандардың санитарлық жағдайын жақсарту бойынша жұмыс атқарылды.
Акция қорытындысы бойынша 14,65 тонна тұрмыстық және өндірістік қалдық жиналып, шығарылды. Сондай-ақ өндірістік аумақты тазарту, инфрақұрылым элементтерін сырлау және әктеу, жұмыс кеңістігі мен қоғамдық аймақтарды абаттандыру жұмысы жүргізілді.
Компанияда өндірістік нысандарда тазалықты сақтау – өндіріс мәдениетінің, өнеркәсіптік қауіпсіздік пен қоршаған ортаға жауапкершілікпен қараудың ажырамас бөлігі екені айтылды.
«Қазақмыс» Тобының кәсіпорындарында мұндай іс-шаралар тұрақты түрде өткізіледі және қолайлы еңбек жағдайын жасауға, өндіріс мәдениетін арттыруға сонымен қатар өндірістік инфрақұрылымның жағдайын тиісінше сақтауға бағытталады.