Назым Қызайбай бокстан Әлем кубогының финалына жолдама алды

Осылайша қазақстандық боксшы турнирдің алтын жүлдесі үшін сынға түсетін болды.

Қазақстандық боксшы Назым Қызайбай Қытайда өтіп жатқан әлем кубогы кезеңінің финалына шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін тәжірибелі спортшы жартылай финалда Таиланд өкілі Натнича Чонгпронгклангпен қолғап түйістірді. Үш раундқа созылған тартысты кездесуде төрешілердің шешімімен Назым 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша қазақстандық боксшы турнирдің алтын жүлдесі үшін сынға түсетін болды.

Бұдан бөлек, Қазақстан құрамасының мүшелері Виктория Графеева мен Абылайхан Жүсіпов те өз салмақ дәрежелерінде финалға жолдама алды.

Ал Санжар Тәшкенбай, Аида Әбікеева және Айбек Оралбай жартылай финалдық жекпе-жектерін өткізеді. Олар да шешуші кезеңге шығу үшін бақ сынайды.