Жетісу облысында бірде-бір қылмыс тіркелмеген ауыл бар

Жаңалық ауылы – облыстағы спирттік ішімдіктен бас тартқан 30 елді мекеннің қатарында.

Жетісу облысы Ескелді ауданындағы 500-ге жуық тұрғыны бар Жаңалық ауылы бес жыл бұрын алкоголь өнімдерінен бас тартып, бүгінде қоғамдық тәртіп пен татулықтың үлгісіне айналды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Тұрғындардың айтуынша, соңғы бес жыл ішінде бірде-бір қылмыс тіркелмеген. Бұл ауыл ақсақалдары мен тұрғындардың бастамасымен қабылданған шешім болған.

 Жаңалық ауылы – облыстағы алкогольден бас тартқан 30 елді мекеннің қатарында. Қоғамдық қауіпсіздікті сақтауға тұрғындармен тығыз жұмыс жүргізетін учаскелік полиция инспекторы үздіксіз үлес қосып келеді.

Бүгінде ауыл бірлік, жауапкершілік және ұлттық құндылықтарға сүйене отырып, қауіпсіз қоғам құрудың жарқын үлгісін көрсетіп отыр.