Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында құтқарушылар 1984 жылы туған ер адамның орналасқан жерін анықтау бойынша іздестіру жұмысын жүргізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, ол 15 маусым күні шамамен сағат 10:00-де Ассы үстіртіне қарай жолға шығып, содан кейін онымен байланыс үзілген.
Іздестіру тобы болжамды бағыт пен оған іргелес аумақтарды тексерді. Ер адам Көксай таулы аймағынан табылды.
"Абырой болғанда, оның өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ. Медициналық көмек қажет болмады", - деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Сонымен қатар құтқарушылар таулы аймақтарға шықпас бұрын жақындарыңызға баратын бағытыңыз бен оралатын уақытыңыз туралы алдын ала хабарлауды ескертеді.