Алматының Әуезов ауданында, Отарская көшесінде трансформаторлық қосалқы станция өртенді.
ТЖМ мәліметінше, өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен кезде ашық жалын байқалған.
ТЖД күштері мен құралдары өрттің жоғары дәрежесі бойынша жұмыс істеуде. Өртті сөндіруге үздіксіз су беру ұйымдастырылып, көбік және су оқпандары берілді.
Қабылданған шаралар нәтижесінде ашық жалын сөндіріліп, өрт оқшауланды.
Зардап шеккендер жоқ, - деп жазылған ресми хабарламада