Әлем чемпионаты 2026: Бразилия мен Марокко құрамасы тең түсті

Матчтағы есепті 21-минутта марокколық жартылай қорғаушы Исмаэль Сайбари ашты.

2026 жылғы футболдан әлем чемпионатында С тобындағы алғашқы турда Бразилия мен Марокко құрамалары 1:1 есебімен тең түсті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

АҚШ-тың Ист-Ратерфорд қаласындағы әйгілі «Метлайф» стадионында өткен кездесуде словениялық төреші Славко Винчич төрелік етті..

Матчтағы есепті 21-минутта марокколық жартылай қорғаушы Исмаэль Сайбари ашты. Ол Бразилия қақпашысы Алисон Бекерді қапы қалдырып, командасын алға шығарды. Бірақ 32-минутта Винисиус Жуниор таразы басын теңестірді.

Екінші таймда екі команда да қауіпті шабуылдар ұйымдастырғанымен, жеңіс голын соға алмады.

Келесі турда Бразилия Гаитимен, ал Марокко Шотландиямен кездеседі.