Нұрай Серікбай ісі: тергеу аяқталып, іс сотқа жолдануға таяды

Бұл туралы марқұмның отбасының адвокаты Аянхан Омаров мәлімдеді.

21 жастағы Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бұл туралы марқұмның отбасының адвокаты Аянхан Омаров мәлімдеді.

Оның айтуынша, жәбірленуші тарап пен қорғаушылар қылмыстық істің алғашқы жеті томымен толық танысып, қажетті көшірмелерін алған. Қазіргі уақытта іс материалдарымен танысу процесі жалғасып жатыр.

«Істің барлық қатысушысы заңда көзделген құқықтарын толық пайдаланғаннан кейін қылмыстық іс сотқа жолданады», – деді адвокат.